Балаларға арналған Sim карталар сәуірге дейін енгізіледі. Оның ерекшелігі не

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл Sim карталар ЖСН арқылы тіркеледі және жас ерекшелігіне лайық емес қосымшаларды жүктеуге және контент көруге мүмкіндік бермейді.

Оқу-ағарту министрлігі "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға" енгізілетін өзгертулерді қоғам талқысына ұсынды.  

Жоспарға балаларға арналған Sim карталарды енгізу міндеті қосылған және оны іске асыру мерзімі ретінде 2025 жылғы сәуір көрсетілген. 

Министрліктің түсіндіруінше, балаларға арналған Sim карталар ЖСН және баланың туу туралы куәлігінің нөмірі бойынша ғана тіркеледі. Сәйкесінше, бұл карталар баланың жас ерекшелігіне сәйкес келетін қосымшаларды пайдалануға және контентті тұтынуына ғана рұқсат береді. 

Бұл ретте Оқу-ағарту министрлігі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Үндістан тәжірибесін алға тартып отыр. Шектеу жұмыстарының сәтті жүзеге асуы үшін бұл іске Apple (AppStore) және Google (GooglePlay) компанияларының өкілдері, түрлі маркетплейстердің иелері тартылады. 

Балаларға арналған Sim карталарды енгізуге Оқу-ағарту әне Цифрлық даму министрліктері жауапты болады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда тек балаларға арналған Sim-карта енгізілуі мүмкін


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".