Балаларға паспорт рәсімдеу бағасы екі есе арзандайды

Ересек адамдар үшін паспорт құны құжаттағы парақ санына байланысты есептеледі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжілісте жасаған баяндамасында қазақстандық паспорт рәсімдеу бағасының өзгеретінін хабарлады.

Оған сәйкес, Қазақстан азаматының паспортын беру үшін төленетін мемлекеттік баж мөлшері паспорт парағының санына қарай сараланады:

  • 22 парақ – 4 АЕК (12 252 теңге);
  • 36 парақ – 8 АЕК (24 504 теңге);
  • 48 парақ – 12 АЕК (36 756 теңге).

Қазіргі таңда паспорт алу құны баршаға ортақ: 24 504 теңге немесе 8 АЕК. 

Ал балалар үшін мемлекеттік баж мөлшерін 2 есе төмендету ұсынылып отыр. Сәйкесінше, 16 жасқа дейінгі азаматтар үшін паспорт алу үшін төленетін баж салығы 4 АЕК немесе 12 252 теңге болады. 

Министр, сондай-ақ тіркеу функциясын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына беруге байланысты азаматтық хал актілерін тіркеу үшін төлемдерді алып тастау көзделетінін хабарлады. 

Бұдан басқа, чек бермеу фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы алу, ипотекалық кредит бойынша берешекті есептен шығару, жалдау құнын төмендету және тұрғын үйді жалға алуға бюджеттік субсидиялар алған кездегі салықтық тәуекелдер алып тасталады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".