Банан, ноқат, жаңғақ. Ұзақ өмір сүру үшін қандай тағам жеген жөн?

Жүз жасқа келгендердің қандай тағамдарды жегенді ұнататыны белгілі болды. Бұл тізімде біз жиі жейтін нәрселер де бар.

Көп жасаған адамдар жиі жейтін өнімдер белгілі болды. Бұл туралы En son haber басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, фундук – миға өте пайдалы өнімдердің бірі. Оның құрамы Е және В6 витаминдеріне бай.

Сонымен қатар дәнді-дақылдар да ағзаға пайдалы, өйткені олар ішек денсаулығын қорғайды, қан қысымын қалыпқа келтіреді, сондай-ақ қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеседі.

Ұзақ өмір сүруге әсер ететін тағы бір тағам – банан. Ол есте сақтауды жақсартып, ас қорытуды жүйесінің жұмысына оң әсер етеді.


Оқи отырыңыз: Мектеп тағамдарына оқушы мен ата-ананың көңілі тола ма?


Тағамдар тізімінде ішінде ноқат та бар. Оның құрамында А, С, Е, К витаминдері, фосфор, калий, кальций, темір және магний бар.

Пайдалы тағамдар бестігін қара бұршақ түйіндейді. Онда А, В2, В6 және В9 дәрумендері көп. Сондай-ақ, бұршақтың бұл түрі холестеринді төмендетуге әсер етеді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".