"Бақытты отбасы" - 2023: Жаңа шарттар қашан күшіне енеді?

Биылдан бастап несие алушының табысына байланысты шектеу болмайды.

"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Ашық диалог порталы арқылы тұрғын сауалына берген жауабында "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасының жаңа шарттарын айтты. Оның сөзінше, жаңа шарттар биыл, бағдарламаға жаңа үміткерлер қабылдау барысында күшіне енеді. Банк аталған бағдарлама қайта іске қосылғанда ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында хабарлайды.

Еске салайық, биылдан бастап "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылардың табысына қатысты ешқандай шектеу болмайды. Бұған дейін ипотека алушылар төлем қабілетін растауы қажет болған.


Оқи отырыңыз: 


Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын адамдар санаты да кеңейді:

  • "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналар;
  • Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 1 және 2 топ мүгедектері;
  • Жетім балалар.

"Бақытты отбасы" бағдарламасымен әкімдік кезегінде тұрған отбасылар ғана ипотека рәсімдей алады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".