Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты

Прокурорлар Байжановты айыптаған бір бапты алып тастады.

Астана қалалық соты Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімін жария етті. Үкім бойынша ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Гастро-орталық директоры Бақытжан Байжановқа бастапқыда ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы "Жасыру" және 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Алайда кейін прокурорлар бір бап бойынша айыптамайтын болды. 

"Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. 2023 жылғы 11 қарашадан бастап үкiм заңды күшiне енгенге дейiн қамауда ұстау уақыты: бас бостандығынан айыру мерзiмi тәулігіне бір жарым тәулік мөлшерінде есептелсін", – деп оқыды судья.

Аталған баптар бойынша ол айыппұл төлеп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. 


Оқи отырыңыз: Адвокат Бишімбаевтың өмір бойына бас бостандығынан айырылатынына сенбейді


 

 

 

 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".