Бас мүфти дәстүрлі ислам туралы: Біздің ата-бабамыз әлем мойындаған ғалымдар болған

ҚМДБ төрағасы жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін ата-бабамыздың жолын берік ұстану керектігін айтты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының пікірінше, Ислам діні халықтың салт-дәстүрімен бірігіп кеткен. Сондықтан, қазір жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін ата-бабамыздың жолын берік ұстану керек.

Бұл туралы ол Өзбекстанда өткен халықаралық форум кезінде ҚазАқпарат агенттігі тілшісінің сауалдарына жауап беру кезінде айтқан. 

"Жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін ата-бабамыздың жолын берік ұстану керек. Осылайша, біз қатердің алдын аламыз. Қазір ақпараттық технологиялар дамыған заман. Осыған байланысты зерттелген, анықталған шынайы ақпаратқа еруіміз керек. Біздің ата-бабамыз әлем мойындаған ғалымдар болған. Тиісінше, солардың сара жолын ұстанып, салт-дәстүрден ажырамау маңызды", – деді ҚМДБ төрағасы.


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 1 наурыздан басталады


Бас мүфтидің сөзінше,  Астана қаласында өткен халықаралық форумда "Ислам жергілікті халықтың дәстүрін қолдайды" атты құжат қабылданған. 

"Бұл – ислам діні әр ел тұрғындарының ғұрпын сақтауды құптайтынын айғақтайды", – Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".