Бас прокуратура: Кей өңірде оқушыларды бұрын сотталған азаматтар тасымалдаған

Ереже бұзған 93 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Білім беру мекемелерінің балаларды тасымалдау қызметтерін ұсыну сапасы мен қауіпсіздігін талдау аясында көптеген бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

"Атап айтқанда, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен, қажетті жүргізу санаты және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруы жоқ жүргізушілер балаларды тасымалдаған. Жекелеген өңірлерде оқушыларды тасымалдауға бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған және балалармен жұмыс істеуге құқығы жоқ адамдар жіберілген", – деді прокуратура өкілдері. 

Сондай-ақ, кейбір автобустар рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден, ал жүргізушілер-медициналық куәландырудан өтпеген.


Оқи отырыңыз: Әрбір үшінші оқушыға әлімжеттік жасалады. Мектеп неге буллинг мекеніне айналды?


"Жалпы, автобус паркінің жай-күйі, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы (өрт сөндіргіштер, қауіпсіздік белдіктері, жарқылдауық маяктар, "балаларды тасымалдау" тақтайшаларының болмауы және т.б.) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін 93 адам (оның ішінде мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, әкімдіктер қызметкерлері) тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді прокуратура өкілдері. 

Бас прокуратура мәліметінше, автопаркты жаңарту және балаларды тасымалдау үшін өңірлер мектептерін автобустармен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Әкімдіктер 515 жаңа автобусты, олардың бір бөлігін алдағы оқу жылына қарай сатып алуды жоспарлап отыр. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".