Бас прокурор Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандар санын растады

Қоғамда Қаңтар оқиғасы кезінде 238-ден әлдеқайда көп адам қайтыс болды деген қауесет бар.

Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасы барысында шабуылды қайтару кезінде төтенше жағдай мен антитеррористік операция бойынша 238 адам қайтыс болғанын растады. Олардың ішінде 41 адам – бұрын сотталғандар.

"Қаза болғандардың саны туралы мәлімет дұрыс. Жүргізілген тергеу аясында мұқият тексерілді. Соның ішінде 67 адам шабуылшы болып табылды, яғни жаппай тәрітсіздікке қатысқан күдіктілер, 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар. Ал 4 адам басқа да қылмысты жасау кезінде қайтыс болған", – деді бас прокурор.

Берік Асыловтың айтуынша, Алматы қаласында 151 адам көз жұмған. Олардың көбі президент резиденциясына шабуыл кезінде қайтыс болған. Адам өлімі, сондай-ақ Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларында болды.


Оқи отырыңыз: Қаңтардан қаңтарға дейін: Бір жыл саяси баға беруге жеткілікті ме?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".