Бейжің олимпиадасында жүлде иеленген спортшылар қанша сыйақы алады?

Қысқы олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Бейжің олимпиадасында жүлде алған олимпиадашылар мен паралимпиадашыларға мемлекеттік резервтен сыйақы беріледі. 

  • 1-орын – 250 мың АҚШ доллары (109 млн 129 мың 500 теңге);
  • 2-орын – 150 мың АҚШ доллары (65 млн 477 мың 700 теңге);
  • 3-орын – 75 мың АҚШ доллары (32 млн 738 мың 850 теңге).

Қазақстан құрамасының Бейжіңде өтетін қысқы олимпиадаға қатысуы үшін бюджеттен 228 млн теңге бөлінген. 

"Бейжің олимпиадасына шамамен 250 млн теңге жоспарланғанымен бұл сома бұдан аз болады. Нақты сома – 228 млн теңге. Ұйымдастырушылар делегацияны, қатысушылар санын қысқартатындықтан қаржы да азаяды", – деді Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков. 

Әзірше Қазақстан 100 делегат жібереді, оның 34-і – спортшылар. Ал олимпиаға дайындыққа шамамен 400 млн теңге жұмсалған. Қысқы олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".