
Қазақстан президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Абай облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Берік Уәли 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген. Білімі бойынша ол кинотанушы, журналист және заңгер.
- "Таң", "НТК", "31 арна", "Хабар", "Қазақстан" ТРК сынды қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарды;
- "Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығын басқарды.
- Әр жылдары "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде қызмет атқарды.
- 2019 жылы Берік Уәли Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұл қызметті 2022 жылға дейін атқарды. 2022-2023 жылдары "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болды.
- 2023 жылы президенттің баспасөз қызметіне қайта оралды. 12 қыркүйекте мемлекет басшысының өкімімен ол Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының (2011), "Парасат" (2024), "Құрмет" (2019) ордендерінің, ҚР президенті алғысының (2021), ҚР президенті әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің (2022) және бес мерекелік медальдің иегері.
Пікірлер