Бибісара Асаубаева 40 миллион теңге президент грантына ие болды

Одан бөлек, 11 аталым бойынша үздік шахматшылар марапатталды.

Астанада KazChess Awards жүлдесінің иелерін марапаттау рәсімі өтті. Онда 12 аталым бойынша жеңімпаздар марапатталды. Оның ішінде президенттік грантқа Бибісара Асаубаева лайық деп танылды. 

"Тимур Турловтың шешімімен көлемі 40 млн теңге болатын президенттік грант бекітілді. Оның иесі Бибісара Асаубаева болды", – деп жазылған Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың мәліметінше, шахматты дамытуға бағытталған "Мектептегі шахмат" жобасы аясында бүгінде 983 мектепте зияткерлік ойын сабақтары өткізіледі. Оның ішінде 110 мектепте міндетті пән ретінде оқытылады. Сондай-ақ 2023 жылы 2 мыңнан астам қатысушыны қамтыған әуесқойлар арасында шахматты насихаттауға бағытталған "Шахмат керуені" республикалық жобасы іске асырылды.


Оқи отырыңыз: "Кумирім – Магнус Карлсен". Шахматтан блиц шебері Бибісара Асаубаевамен блиц сұхбат


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".