БИЛ және "Дарын" мектептеріне 8-сыныпқа қалай қабылдануға болады

Үміткерлерге қойылатын талаптар белгіленді.

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы мамандандырылған орта білім беру ұйымдарына 8-сынақа қабылдау тәртібін әзірледі. Бұған дейін мұндай шарттар 5, 6, 7 және 10-сыныптар үшін ғана нақтыланған болатын. 

Жаңа тәртіпке сәйкес, аталған оқу орындарына 8-сыныпқа қабылдану үшін талапкерлер келесі пәндер бойынша жалпы саны 85 сұрақтан тұратын тест тапсыруы тиіс:

  • математика және логика – 30 сұрақ;
  • оқу сауаттылығы – 15 сұрақ;
  • қазақ тілі мен әдебиет – 40 сұрақ.

Тест тапсыруға 150 минут (2,5 сағат) уақыт беріледі. Бұл уақыт шегіне тест материалдарын тарату, Жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді. 

Еске салайық, алдағы оқу жылынан бастап лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау үшін балалар енді ешқандай емтихан тапсырмайды


Оқи отырыңыз: 2024 жылдан бастап лицей мен гимназияға 1-сыныпқа түсу үшін балалар емтихан тапсырмайды


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 13 наурызға дейін. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".