Білім гранттары: Қай мамандықтарға байқау жоғары болды

Стоматология мамандығы бойынша бір орынға 35 адам таласқан.

Ұлттық тестілеу орталығы 2024-2025 оқу жылына арналған білім грантына көп талас болған мамандықтар тізімін жариялады. 

Орталық мәліметінше, 2024-2025 оқу жылына бакалавриатқа 78 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға берілді. 

Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс "Стоматология" БББТ бойынша болды. Бұл мамандық бойынша бір орынға 35 талапкер таласты. Әрі қарай "Халықаралық қатынастар және дипломатия" (11 адам), "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" (10 адам), "Аударма ісі" және "Психология" (9 адам) болды. 

Инфографика: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сондай-ақ зардап шеккен 6 өңірдің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО) мектеп түлектері үшін 20% мөлшерінде квота көзделген. Айта кетейік, су басқан өңірлерден 20 мыңнан астам түлек гранттар конкурсына қатысуға өтініш берген. 

ТЖ өңірлерінің түлектері алдымен жалпы конкурсқа қатысты және 10 мыңнан астам адам барлық талапкерлермен бірдей жалпы конкурс бойынша өтті. ТЖ квотасы аясында 5 мыңнан астам адам грант алды. 

1130 адам қаңтар немесе наурыз айындағы ҰБТ сертификаттарын пайдаланды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".