Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды

«E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажет қол жинады.

ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, 50 мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. 

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі", – делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Еске салайық, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.

Өзгеріске қарсы шыққан Қазақстан азаматтары бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".