Бишімбаевтың адвокаттарына қосымша сот-медициналық сараптамасын дәлелдемелерден алып тастаудан бас тартылды

Бұған дейін қорғаушы сараптама тағайындау кезінде сотталушының құқығы бұзылғанын мәлімдеген.

Сот Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша қосымша сот-медициналық сараптамасының қорытындысын дәлелдеме ретінде жол берілмейді деп тану туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырмады.

Заңгер Ләйлә Рамазанова сот-медициналық сараптаманың қосымша комиссиясының 2024 жылғы 3 қаңтардағы қорытындысына дәлел ретінде жол берілмейді деп тану туралы өтінішхатты оқыды. Бұл –сарапшы Тахир Халимназаров жүргізген сараптама. Маман Салтанат Нүкенованың өліміне әкелген жарақаты еденге қайта-қайта құлау салдарынан болуы мүмкін емес деген қорытындыға келді.

"Қорғаушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын", – деді судья Айжан Құлбаева өтініш бойынша шешім шығарғанда.

Айжан Құлбаева қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары зерттеуге тапсырыс берген кезде бұзылмағанын атап өтті. Сот Рамазанованың сотталушы Бишімбаевтың құқықтары мен зерттеу тәртібін бұзуы туралы уәждерін негізсіз деп тапты.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев ісі: судья мәскеулік сарапшының қорытындысын дәлел ретінде танудан бас тартты


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".