Бишімбаевтың адвокаты: Бүгін түстен кейін апелляциялық шағым түсіреміз

Апелляциялық шағымдарды әр қорғаушы бөлек жазады, сондай-ақ сотталған экс-министрдің өзі де жазады.

24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның қорғаушылары сот шешіміне шағым түсірмек.

Informburo.kz тілшісімен әңгімелесу барысында адвокат Ерлан Ғазымжанов қорғаушы тарап шағымдарды бүгін, яғни шағымдануға болатын мерзімнің соңғы күні, 28 мамырда беретінін айтты.

"Жоқ, біз оны әлі берген жоқпыз, түскі астан кейін тапсырамыз. Қазір тергеу изоляторына барамыз, сосын тапсырамыз. Әр адвокат өз атынан шағымданады. Біздің клиент де жазуы керек. Жазады деп ойлаймын", – деді Ерлан Ғазымжанов.

Оның айтуынша, қорғаушы тарап тағылған айыптардың саралануын талап етпек. Ғазымжанов өз шағымында тергеуде жол берген 20-ға жуық өрескел заң бұзушылықты көрсететінін баса айтты.


Оқи отырыңыз: Салтанат Нүкенованың өлімі: Бақытжан Байжанов апелляциялық шағым түсірді


Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп танылған екінші адам Бақытжан Байжанов та апеляциялық шағым түсірген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".