Бишімбаев баланы қағып кетті ме? ІІМ тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың анасы сотта Қуандық Бишімбаев баланы қағып кеткенін айтқан болатын.

Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың анасының «Қуандық Бишімбаев бұрын баланы қағып кетті» деген мәлімдемесіне қатысты тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады.

Мәжіліс кулуарында вице-министр Игорь Лепехадан Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде темекі беріп, қол кісенін шешіп алған полиция қызметкерлерін тексеру туралы сұрақ қойылды.

"Барлық видео жазбалар тәркіленді, қазір сот отырысында. Оны қайтарып алғанша, анықтай алмаймыз. Бірақ бұл сұрақ менің есімде. Ал "баланы қағып кетуі" туралы біржақты айтқым келмейді, бірақ ақпарат расталған жоқ. Біз қайтыс болған туыстарымен (Салтанат Нүкенова – автор), оның ағасымен сөйлестік. Ақпараттың қайдан алынғанын анықтадық, тексердік, бірақ ол жерде әңгіме басқа нәрсе туралы", – деді Игорь Лепеха.

Бұл ретте министрлік мән-жайды анықтауды жалғастырады.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев ісі: Байжановқа тергеу изоляторында үгіт жасалуына қатысты тексеру басталды


Сәуірдің 1-і күні қызын өлтірді деп айыпталған сотталушы Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың анасы сот залында өз эмоциясын ұстай алмады. Ол сотталушының айтқанына қатты ашуланды.

"Мен қызымды көрмедім, оның жүзін көрмедім. Оны қатігездікпен ұрмадым дегенің қалай? Сен қалай олай айта аласың? Маған қызымның жүзін көрсеткен жоқ, себебі мен өмір бойы көз алдымдағы сол бейнемен өмір сүретін боламын. Сен оны бірнеше сағат өлтірдің. Сеніңөткен өмірің туралы айтқанымды қалайсың ба?  Баланы қалай қағып кетіп, өлтіргеніңді айтайын ба?", – деді Салтанаттың анасы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".