Бишімбаев Нүкенованы ұрып жатқан сәт түсірілген видеоларды не үшін өшірткенін түсіндірді

Айыпталушы күзетшілер видеоны Telegram арналарға сатады деп қорыққанын айтты.

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев неліктен "Гастро-орталық" бақылау камераларынан бейнежазбаны өшіруді сұрағанын түсіндірді.

Бұған дейін Бишімбаев Нүкенованың еденге бірнеше рет құлағанын, басын дәретханаға соққанын, сондай-ақ оны қалай тепкенін айтқан.

Түскі уақытта оянған Бишімбаев екінші сотталушы Байжановтан мейрамхана қызметкерлерін босатуды сұраған.

"Мен одан бейнекамералардағы жазбаларды өшіруін өтіндім. Кісі өлтіргенімді жасырғаным үшін емес. Ол кезде Салтанат тірі еді. Telegram каналдың не екенін өзіңіз де білесіз... Кез келген күзетші көшіріп алып, басқа біреуге жіберуі мүмкін. Мен мұны қалаған жоқпын. Біз көшеде тұрған кезде белсенді сөйлескеніміз анық көрінді, киім ауыстыратын бөлмеде болдық, барлығы камераға жазылған. Оған соққы жасаған сәт те сонда бар", – деді Қуандық Бишімбаев. 


Оқи отырыңыз: Айгерім Құсайынқызы: "Бишімбаев ісінен кейін Қылмыстық кодекске "әйел өлтіру" деген бап енгізілуі қажет


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".