Бишімбаев пен Байжановтың сотқа жеткізілмеуіне байланысты жарыссөз түстен кейінге шегерілді

Жарыссөз басталған кезде сот залында айыпталушылар болған жоқ.

Сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов сотқа уақтылы жеткізілмегендіктен, сот отырысы кейінге шегерілді.

Бүгін, 29 сәуірде сағат 10.00-де елордалық сотта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сот талқылауы басталады деп жоспарланған болатын. Алайда судья Айжан Құлбаева сотталушыларды алып келе жатқан конвой кешігіп жатқанын хабарлады.

"Негізгі сот отырысы сот залында сотталушылардың міндетті түрде қатысуымен өтуі тиіс. Конвой қызметінде мәселе болғанын және сотталушылардың сағат 11.00-ден кейін жеткізілетінін ескерсек, біздің ақпаратымыз бойынша, басты сот отырысы 14.30-ға шегерілді. Конвой келгенше сағат шамамен 12:00 болады, сот отырысын өткізуге бір сағат аздық етеді", – дейді Айжан Құлбаева.

Судья сағат 14.30-ға дейін үзіліс жариялады.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев ісі бойынша сот жарыссөздері: ол қалай өтеді, ерекшеліктері мен маңызы қандай?


Іс бойынша жарыссөз 29 және 30 сәуірде, сондай-ақ 2 және 3 мамырда өтеді. Мүмкін 4 мамырда жалғасады. Бұған дейін Informburo.kz тілшісі бұл процедураның қалай өтетінін және оның маңыздылығын анықтаған болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".