Бішкекте "Ы" әрпіне ескерткіш ашылды. Фото

Ескерткіш "Ынтымақ" саябағынан орын алды.

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы "Ынтымақ" саябағында "Ы" әрпіне арнап ескерткіш ашылды, деп хабарлады 24.kg.

Арт нысанның Бішкек мэриясы мен "Ресей газетінің" атсалысуымен Қырғызстан астанасының туған күніне орай қойылған. 

Бішкектегі "Ы" әрпіне қойылған ескерткіш. Фото: 24.kg

Басылымның жазуынша, Қырғыз-орыс сөздігінде "Ы" әрпінен басталатын 600 сөз бар. Қырғыз тілінде "Ы" дыбысының болуының арқасында "Қырғыз", "Қырғызстан", "қырғыз халқы" сынды бренд сөздер айрықша танымалдылыққа ие болған. 

"Ескерткіш арнайы QR-кодпен жабдықтал. Код арқылы өтіп, Қырғызстан туралы ақпаратпен екі – мемлекеттік қырғыз және ресми орыс тілдерінде танысуға болады. Онда Қырғызстанның географиясы, тарихы мен халқы туралы мәліметтер, сондай-ақ қырғызша-орысша сөздік орналастырылады", – делінген 24.kg хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Қырғызстанда "Ы" әрпіне ескерткіш қойылады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".