Бітімгершілік миссиясына қатысатын әскерилер үш есе жалақы алады

Әскерилер елге оралған соң мемлекет есебінен емделу мүмкіндігін иеленеді.

БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысатын әскерилерге бірқатар артықшылық беріледі, деп мәлімдеді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Министр миссияға қатысатын әскерилердің әлеуметтік және медициналық тұрғыда қалай қамтылатынын баяндады.

"БҰҰ бітімгершілік миссиялары кезінде қатысқан әскерилердің жалақысы үш есе артады. Елге оралған соң мемлекет есебінен емделеді және жыл сайынғы демалысқа қосымша екі апта демалыс беріледі", – деді Руслан Жақсылықов. 


Оқи отырыңыз: Биыл 17 мың адам әскерге шақырылады. Олар білуі тиіс 8 сұраққа жауап 


Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламентке бірқатар елге қазақстандық әскери қызметкерлердің шектеулі контингентін БҰҰ миссиясы аясында жіберуді ұсынды. Бұл елдер қатарында Оңтүстік Африка республикасы, Конго демократиялық республикасы, Мали және Ливан бар.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".