Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Биыл жыл басынан бері мемлекет меншігіне пайдаланылмай тұрған және заңсыз 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бос жатқан және заңсыз пайдалануға берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шарасы жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.

"Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне жалпы көлемі 5 млн гектар жерді қайтару жоспары бар. Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлер бірінші кезекте халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуге бағытталады. Қайтарылған жерлер аудандардың резервіне қойылады. Халық тиісті жайылым жерлермен қамтыған кейін қалған бөлігі конкурсқа шығарылады", – деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Министрліктің хабарлауынша, жайылым туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта Парламент мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген "Жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында елді мекендерге іргелес жатқан жайылымдық жерлерді басқа алқаптарға ауыстыруға тыйым салу бөлігіне, Жер кодексіне, сондай-ақ "Жайылымдар туралы" заңға рұқсат етілген жүктеме нормасын 20-дан 50 пайызға дейін арттыру бойынша түзету енгізілгелі жатыр. Жергілікті атқарушы органдар аталған заңға енгізілетін өзгерістерді назарға ала отырып халықты жайылым жерімен қамтуды жергілікті деңгейде шешуі керек", – деді хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстан шетел азаматтарына 550 білім грантын бөлді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".