Биыл күзде қанша адам әскерге шақырылады?

Айыппұл төлеген жастар әскери міндеттен босатылмайды.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов ҚазАқпарат агенттігінің сауалына берген жауабында Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 800 мыңнан астам әскерге шақырылушы жастар бар екенін айтты. Оның ішінде биыл 34-36 мыңын әскер қатарына шақыру жоспарланса, солардың ішінде 18 мың азамат биыл күзде шақырылады.

"Жастардың ішінен денсаулығы жақсы, әскерге дайындалған, моральдық-психологиялық тұрғыдан шыңдалған азаматтарымызды әскерге жіберіп жатырмыз", – деді Ғани Артықов.

Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, бүгінге дейін әскерден жалтарған жастардың бірде-біріне ірі көлемде айыппұл салынбаған. Тек әскерге шақыру кезінде пунктіге уақтылы бармағандар немесе әскери тіркеу ережесін бұзғандар ғана аз көлемде айыппұл арқалапты.

Сонымен қатар, айыппұл салынған азаматтар әскери борышын өтеуден босатылмайды.


Оқи отырыңыз: Биыл 17 мың адам әскерге шақырылады. Олар білуі тиіс 8 сұраққа жауап


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".