Биыл Қазақстан азаматтарына 41 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Төленбеген айыппұлға қатысты шешім ақпараттық жүйе арқылы шығарылады.

Биыл жарты жылда Қазақстан азаматтарына 41 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Құқықтық статистикадағы деректер бойынша, бүгінде соның жартысынан көбі өндіріліп алынған. Енді айыппұлдың төлемін 50 күн кешіктірген азаматтарға басқаша шара қолданылады.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, қарызды уақытылы өтемегендерден ақшаны өндіру ісімен енді робот айналысады. Осылайша адамдар айыппұл мөлшерін ғана төлейді.

Төленбеген айыппұлға қатысты шешім ақпараттық жүйе арқылы шығарылады. Содан робот азаматтарға хабарлама жолдап, берешегі барын еске салады. Оны ескермеген жағдайда басқа шара қолдану көзделген.

"Хабарлама келгеннен кейін 30 күнде айыппұл төленбесе іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Олар бұрынғыша шара қолданады және өз қызметі үшін ақша өндіреді. Ал хабарлама келгенде төлем жасағандар тек айыппұл мөлшерін өтейді", – деді әділет министрлігі цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті директорының орынбасары Мұрат Смағұлов.

Министрліктің мәліметінше, осы аптада президент тиісті заңға қол қойды, енді 60 күннен кейін жоба республика бойынша іске қосылады. Ал биылдың өзінде 2,5 миллионнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".