Биыл қазақстандық кинотеатрларда 21 отандық фильм көрсетіледі

Жыл ішінде қазақстандық фильмдерді насихаттауға және ілгерілетуге бағытталған екі бағдарлама жүзеге асырылады.

2022 жылы қазақстандық кинотеатрларда 21 отандық туынды көрерменге жол тартады, деп хабарлайды ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі. 

"Біздің алдымызға қойған мақсат – отандық кинопрокаттағы фильмдердің үлесін 30 пайызға дейін арттыру", – деді кино орталықтың басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов.                

Биыл қазақстандық фильмдерді насихаттауға және ілгерілетуге бағытталған екі бағдарлама жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Бюджеті 104 млн теңгені құрайтын бірінші бағдарлама кинотеатрларға, ал 92 миллионды құрайтын екінші бағдарлама дистрибуция және ілгерілету саласында жұмыс істейтін компанияларға арналады. 

Еске салсақ, режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильмнің" бірқатар проблемасын атаған еді. Ол, сондай-ақ, студияның 5 гектар жерінің белгісіз себептермен қала меншігіне өтіп кеткенін айтты.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".