Биыл құрылған Алатау қаласында қанша және қандай шағын аудандар болады

Бұл ретте қалаға шағын аудан болып енген ауылдардың атауы өзгермейді.

Алматы облысына қарасты Алатау қаласының әкімдігі мен мәслихаты қаланың қандай шағын аудандардан тұратынын нақтылап, тиісінше қаулы мен шешім жобасын әзірледі. Оған сәйкес, Алатау қаласы 12 шағын ауданнан тұрады. 

Әрбір шағын аудан – Алматы облысының бұрынғы ауылдары. Бұл ретте қалаға шағын аудан болып енген ауылдардың атауы өзгермейді. 

Алатау қаласының шағын аудандары: 

  • Арна шағын ауданы (Қонаев қаласының бұрынғы Арна ауылы);
  • Дәулет шағын ауданы (Талғар ауданының бұрынғы Дәулет ауылы);
  • Еңбек шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Еңбек ауылы);
  • Жетіген шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жетіген ауылы);
  • Жаңаарна шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жаңаарна ауылы);
  • Жаңаталап шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Жаңаталап ауылы);
  • Жаңадәуір шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы  Жаңадәуір ауылы);
  • Заречный шағын ауданы (Қонаев қаласының бұрынғы Заречный ауылы);
  • Қоянқұс шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Қоянқұс ауылы);
  • Құйған шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Құйған ауылы);
  • Қайрат шағын ауданы (Талғар ауданының бұрынғы Қайрат ауылы);
  • Ынтымақ шағын ауданы (Іле ауданының бұрынғы Ынтымақ ауылы).
Алатау қаласының бас жоспары

Еске салайық, Алатау қаласы 2024 жылғы 10 қаңтарда құрылды. 


Оқи отырыңыз: Алматы облысында құрылатын Алатау қаласына қандай елді мекендер кіреді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".