"Бізге тиімді". Сауда министрі Ауғанстанмен экономикалық байланыстың себебін түсіндірді

Министрдің айтуынша, Қазақстан мен Ауғанстанның сауда көлемі 1 млрд долларды құрайды.

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның не үшін Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын жасап отырғанын түсіндірді. 

"Біз Ауғанстанмен ынтымақтастықтамыз, сауда жасаймыз. Сауда да жақсы жүреді – 1 млрд долларға. Мысалы, бұл қазіргі Әзербайжан және Түркіменстанмен сауда-саттығымыздан да көп. Демек, саясат – саясатымен, ал экономика – экономикасымен. Біз бұл сауда ынтымақтастығын дамытамыз. Оларға бидай, ұн және күнбағыс майын бұдан да көп жеткізетін мүмкіндігіміз бар. Неліктен бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Бұл сайып келгенде мемлекетімізге тиімді", – деді министр Үкімет кулуарында.


Оқи отырыңыз: Ауғанстан халқының 85 пайызы – кедейлер


Министр алдағы уақытта ауған кәсіпкерлерін Қазақстанға шақырып, бизнес-форум өткізгісі келетінін айтты.

"Қазірдің өзінде сауда үйін ашып, сол жерге өкіл бекіттік. Ол осы жұмыстардың барлығын үйлестіреді, өйткені Ауғанстан үлкен және алуан түрлі. Нарықты зерттеп, жергілікті кәсіпкерлермен танысу керек. Мен ауған кәсіпкерлерін осында шақырып, бизнес-форум өткізгім келеді. Олар Қазақстанға, біздің мүмкіндіктерімізге қарайды. Соңғы рет өніммен айналысатындарды ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да апардық. Өйткені, ол жер қойнауын пайдалану жағынан біршама бай ел. Олар қатты қызығушылық танытты", – деді министр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".