Болат Ақшолақов: Өз жұмысыма "үш" деген баға беремін

Энергетика министрі президент сынына қатысты пікір білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Энергетика министрлігінің Екібастұздағы жағдайда бейқамдық танытқанын сынады. Журналистер отырыстан кейін энергетика министрі Болат Ақшолақовтан осы мәселеге қатысты пікірін сұрады.

"Сын қабылданады. Бірақ бұл бір министрліктің мәселесі емес, өйткені желілер министрлікке қарамайды. Біз генерациялаушы қондырғыларға жауаптымыз. Сәйкесінше орын алған жағдай есепте жазылғанындай, барлығы бір уақытта болған: құрылғылар дұрыс жұмыс істемеген, бұйрықтар дұрыс берілмеген, стансалардың жұмысы бұзылған, жылу желілері тозған, жарылған және тағы да басқа мәселелер.  Бұл кешенді жұмыс, сондықтан комиссия жұмыс істеді", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1500 шақырымнан астам жылу желілері ауыстыруды және жөндеуді қажет етеді


Министр осы жағдайлардан кейін отставкаға кетуге қатысты да пікір білдірді.

"Ондай қажеттілік бар болса барамыз, ол менің шешімім емес", – деді Болат Ақшолақов.

Журналистер министрден өз жұмысын бес баллдық шкалада бағалауды сұрады.

"Өз жұмысымды бес балддық шкалада үш деп бағалаймын. Бірақ бағаны басқа тарап беруі керек", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Астанада пәтер кілттері шілдеде табысталған тұрғын үйге әлі жылу берілмеген


Сонымен қатар министр астанадағы жаңадан салынған тұрғын үйлердің орталық жылуға қосылуына қатысты ойын білдірді. Айтуынша, қазір қалада жылу-энергетика жеткіліксіз.

"Біз әкімдікке жаңа үйлер қосатын болса, алдын ала бүкіл балансты ұсыну керек екенін айтқанбыз. Басқа сөзбен айтқанда, қалай болса солай үй салуға болмайды. Оның инфрақұрылымын: қанша жылу бар, қанша үй қосуға болады – бәрін ескеру керек. Дұрыс жолы солай. Ал инфрақұрылым жетіспейтініне қарамай, жаңа үйлер салса, әрине, ертең мәселе туындайды. Электр қуатын сырттан жеткізуге болады, ал жылу энергетикасын жеткізе алмайсыз, Ол жергілікті мәселе", – деді ол.

Министр бұл мәселенің шешімі ретінде үшінші қазандық салу, автономды жылыту мен газ арқылы жылытуды атады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".