Бүгін магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау уақыты 15 шілдеге дейін жалғасады.

Бүгін, 1 маусымда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге болады. Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде хабарланады. Кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады" – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Педагогтер мен психологтар үшін арнайы магистратура бөлімі ашылады


Кешенді тестілеу электрондық форматта өтеді. Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, ал бейінді магистратураға 50 балды құрайды.

"Тестілеу үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша, оқуға дайындығын анықтауға арналған және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығы 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады", – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылына магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант бөлінген. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".