Бүгін Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялайтын алғашқы рейс Польшадан ұшады

Жоспар бойынша, 468 қазақстандықты эвакуациялау үшін үш рейс ұйымдастырылады.

Украинадан эвакуациялауға 486 қазақстандық өтініш білдірді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев.

"Жасыл дәліз әзірленді. Енді ең бастысы – адамдардың Львовқа жетуі. Львовқа жету қиындап кетті: көлік жоқ, тіпті ақшаға да жалдай алмай отырмыз. Әзірге 486 адам эвакуацияға өтініш берді. Рейс Польшадан ұшады", – деді ол.

Қазақстандықтан Львовқа уақытылы жете алса, алғашқы ұшақ бүгін ұшуы тиіс.

"Шамамен бір сағаттан кейін елшіліктен 100 шақты адам аттанады. Консулдықта 1500 адам ғана тіркелген, қазір жаңадан тіркеліп жатқандар да анықталуда", – деп қосты ол.

Львовқа аттанатын алғашқы жүз адамның ішінде Air Astana президенті Питер Фостер де бар.

"Азаматтар әлі жолда келе жатыр. Бір сағаттан кейін кететін топқа көбі үлгере алмайды. Сондықтан біз оларды елшілікте қабылдап, Львовқа жеткізуге тырысамыз. Питер Фостермен адам санына қарай қанша рейс жасау қажет болса, сонша рейс ұйымдастыру туралы келістік", – деді Дархан Қалетаев.

Жоспар бойынша, 468 қазақстандықты эвакуациялау үшін үш рейс ұйымдастырылады.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".