Бүгіннен бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен адамдарға төлем жасалады

500 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі сомадағы өтемақыны барлығы 603 адам алады.

Бұл туралы Алматы әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров хабарлады. Оның айтуынша, өтемақы алуға құқылы азаматтар ішінде:

  • 592 адам құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • 1 адам Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері;
  • 3 адам жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері;
  • 1 адам "Алматы" телеарнасының қызметкері;
  • 6 адам медициналық ұйымдардың қызметкерлері.

Төлемдер ауыр дәрежеде 2 млн теңге, орташа дәрежеде 1 млн теңге және жеңіл түрде 500 мың теңге есебінен жүргізіледі.


Оқи отырыңыз: Алматыда қанша бизнес субъектілері коммуналдық төлем мен жалдау ақысынан босатылады?


Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған полиция департаментінің 3 878 қызметкеріне, Төтенше жағдайлар департаментінің 1 207 қызметкеріне, Қоғамдық денсаулық басқармасының 3 888 қызметкеріне, құтқару қызметінің 93 қызметкеріне 100 мың теңге қаржылай көмек төленеді.

"Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады", – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.

Полиция департаментіне тиісті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін зардап шеккен автокөліктерге төлемдерді қамтамасыз ету үшін шамамен 200 млн теңге мөлшерінде бастапқы сома жіберілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл сома көбейтіледі.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".