Бұршақ және сел қаупі: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Жауын-шашынға байланысты таулы аймақта су тасқыны болуы мүмкін.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидрометтің" дауылды ескертуінің негізінде 18 шілдеде қаланың таулы аумағында қатты жауын шашын, таңертең және күндіз қалада найзағай, бұршақ, жел күтілетіні туралы хабарлады.

Найзағай кезінде жел соғып, жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар ТЖД баспасөз қызметі қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақта су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлады.

"17-20 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін! Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін. Осыған орай Алматы қаласының ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді", – делінген ТЖД хабарламасында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".