Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қанша уақытқа қамауға алынды?

Ол екі ай қамауда болады.

Сот Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевты қамауға алуға санкция берді, деп хабарлады Бас прокуратура.

"30 сәуірде Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты бұрынғы ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деп жазылған хабарламада.

29 сәуірде Ерлан Тұрғымбаевтың ауыр зардаптарға әкеп соққан билігі мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ұсталғаны белгілі болды.

Бұған дейін Бас прокуратура экс-министрден 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде жауап алған болатын.


Оқи отырыңыз: Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев қамауға алынды


2022 жылдың 17 тамызында Ерлан Тұрғымбаев 25 ақпаннан бері атқарып келген президент кеңесшісі қызметінен ресми түрде босатылды. Тұрғымбаев бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметін атқарған. Ол қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай бұл қызметтен кеткен. Жұртшылық Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысын полицияның жауап алу кезінде көрсеткен азаптауы үшін айыптады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".