Чикаго ғалымдары жүйке жасушаларын қалыпқа келтірудің жолын тапты

Зерттеу жұмысы Паркинсон ауруын емдеуге де көметесе алады.

Биомедицина ғылымдарының профессоры Сюэ-Цзюнь Лидің бастамасымен зерттеушілер командасы жүйке жүйесі жасушасының жойылуын алдын алды, деп хабарлайды Medical Express.

Ғалымдар мидағы жүйке жасушалары арасында мәлімет тасымалдайтын аксондардың жойылу тәртібін зерттеді. Нәтижесінде ғалымдар жүйке жасушаларының деградациясы митохондрия жұмысымен байланысты деген тоқтамға келді. Митохандрия энергия көзі әрі ол жасушаларды басқарады. 

Профессор Лидің командасы тәжірибе жұмысы үшін адамдардың жасушасын пайдаланды. Олар митохондрияның бөліну процесін тежеу арқылы жүйке жүйесі жасушаларын тұрақты түрде өсірді және жойылуын алдын алды. 

Бұл ғылыми жаңалық Паркинсон, сал ауруы және жүйке жүйесі ауруларын емдеуге себепші болуы мүмкін. 
Алдағы уақытта зерттеушілер митохондрияның жойылуын болдырмау үшін гендік терапия түрін қолданып көрмек. 

Еске салсақ, ғалымдардың 10-11 сынып оқулықтарынан жоғары математика элементтерін алып тастауды ұсынғаны туралы хабарлаған едік. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".