Дәрігерлер мен техниктер шет тілін 12 ай бойы тегін оқи алады

Мұндай жеңілдікті Халықаралық бағдарламалар орталығы ұсынып отыр.

"Болашақ" үздік шетелдік жоғары оқу орындарда академиялық оқуға арналған жеңілдік санаттарының тізімін кеңейтіп отыр, деп хабарлады "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ

2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер мен медициналық мамандар жеңілдетілген шарттармен "Болашақ" халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады.

Атап айтқанда, қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады.

Сондай-ақ, олар стипендияға құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес. Олар стипендия жеңіп алғаннан кейін-ақ оқу орнын таңдай алады. 

Еске салайық, "Болашақ" бағдарламасына түсу үшін үміткерлерге қазақ тілі бойынша тест сынағын Қазтест және Qazaq resmi test жүйелерінің бірінде тапсыруға ерік беру жоспарланып отыр. Qazaq resmi test жүйесінің Қазтест жүйесінен артықшылығы оны онлайн тапсыруға болады.


Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасы аясында әдебиетші мамандарды оқыту үлесі артады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".