Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді

Ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналыспақ.

Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді, деп хабарлады zakon.kz

"Мен бүгін Парламент Мәжілісі өкілеттігімді тоқтату туралы және қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналысу жайында шешім қабылдадым", – деді Дариға Назарбаева.

Ол Nur Otan партиясына дауыс берген барша қазақстандықтарға, партияластарына және мемлекет басшылығына өзіне білдірген сенім үшін алғыс айтты.

"Қаңтардағы қайғылы оқиғалар Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Болған оқиға – халқымыз үшін үлкен қасірет. Барлық оқиғаға мұқият және объективті тергеу жүргізу қажет деп санаймын. Кінәлілер жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек.

Біздің бәріміз, қазақстандықтар, бүкіл қоғам "қара қаңтар" оқиғасынан сабақ алып, оның ешқашан қайталанбасы үшін қолдан келгенді жасауымыз қажет. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін біз бір болуымыз керек", – деді Дариға Назарбаева.


Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясы саяси кеңесінің құрамы жаңарды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".