"Дарын" сыйлығы енді 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға берілмек

Сондай-ақ, сыйлық Тәуелсіздік күні емес, Республика күніне орай табысталады.

Қазақстанда "Дарын" жастар сыйлығын және "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатына өзгертулер енгізу арқылы "жастар" санатына 35 жасқа дейінгі азаматтар жатқызылды. Соған орай, "Дарын" сыйлығы да, "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты да енді 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі (грантты 14-35 жас аралығындағы жастар иеленеді). 

Сондай-ақ, "Дарын" жастар сыйлығы  табыстау мерзімі де өзгермек. Бұған дейін аталған сыйлық Тәуелсіздік күніне орай беріліп келсе, енді Республика күніне ұлттық мәртебе берілуіне байланысты "Дарын" жастар сыйлығы 25 қазан – Республика күні қарсаңында табысталады.


Оқи отырыңыз: Димаштан Иманбекке дейін. Шетелде танылып, кейін елімізде мойындалған қазақстандықтар


Еске салайық, биыл "Дарын" жастар сыйлығының лауреаттары 22 қарашада белгілі болды. "Дарын" сыйлығын биыл шахматшы қыздар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік иеленді.

"Дарын" сыйлығының биылғы лауреаттарының толық тізімін осы жерден оқуға болады. 

Құжат жобасы 11 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".