Дәурен Абаев ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалады

Ол бұрын Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.

Дәурен Абаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бас хатшысының орынбасары болып тағайындалады. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Дәурен Абаев / Фото: Informburo.kz

"Ол ТМД бас хатшысының орынбасары болып тағайындалады. 7 наурызда Минскіге ұшады. Ол Қазақстандағы өкіл Бекетжан Жұмахановтың орнына тағайындалады", – деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, 2006 жылы Лейден университетін (Нидерланды) бітірген.

2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін мәдениет және спорт министрі болды. Әр жылдары президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".