ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы күш алғанын хабарлады

EG.5 D-19 штамы өзге штамдарды ығыстырып шығармайтынымен қауіпті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың енді күш алып келе жатқан EG.5 D-19 штамына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады Euronews.com.

Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус қысқы маусым алдында Жердің солтүстік жартысында коронавирус қаупі қайта күшейгенін мәлімдеді. Оның мәліметінше, Таяу Шығыс және Азияда коронавирустан болған өлім-жітім саны артса, Еуропада бойынан EG.5 D-19 штамы табылған науқастар ауруханаға жиі көріне бастаған. 

ДДСҰ-ның Covid-19-бен күрес бойынша техникалық жетекшісі Мария Ван Керкховенің мәлімдеуінше, бұл штам өзге штамдарды ығыстырып шығармайды және дәл осы жайт ДДСҰ алаңдаушылығын туғызып отыр. 

Бұл ретте Тедрос Адханом Гебрейесус коронавируспен күресте адамдардың иммунитетін көтеру, сәйкесінше екпе алу жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. 


Оқи отырыңыз: "Омикрон" әлемдік локдаунға әкеле ме? Коронавирустың жаңа штамы жайында не белгілі?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".