Денсаулық сақтау министрі Ashyq лидерлеріне қандай жеңілдік жасалатынын хабарлады

9 тамыздан бастап Ashyq лидерлеріне сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жүйесіне қатысатын субъектілер 2-9 тамыз аралығында жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал Ashyq лидерлері сағат 22:00-ге жұмыс істей алатынын хабарлады. Ал 9 тамыздан бастап Ashyq лидерлеріне сағат 24:00-ге дейін рұқсат етіледі.

Бұл келесі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты:

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда желілері;
  • қоғамдық тамақтану орындары (оның ішінде жазғы алаңдар), фудкорттар;
  • фитнесс-орталықтар, фитнесс-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, бассейндер, СПА орталықтары, спорт нысандары;
  • сән салондары, шаштараздар, "барбер шоптар", косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар;
  • караоке, бильярд, боулинг, компьютерлік клубтар;
  • кинотеатрлар. 

Сондай-ақ, Ashyq талабын бұзатындарға қойылатын талаптар да қатаңдатылады. Талап бұзылған жағдайда кәсіпкер не кәсіпорын жүйеден бір аптаға шығарылады. Қайталанған жағдайда – 2 апта, ал келесі ретте талап тағы бұзылса – 1 айға жүйеден шығады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".