Депутат мүгедек балаларды ұшақпен тегін тасымалдауды ұсынды

Ал ересек мүгедектер үшін бағаны 2 есе азайту қажет.

Қазақстанда мүгедек адамдарға ұшақ билеттерінің бағасын екі есе төмендету қажет. Бұл жайында мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында ұсыныс айтты. 

"Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдардың мобильділігі авиатасымалдардың қолжетімсіздігімен шектелуде. Ұшаққа билет сатып алу мүмкін емес, жеңілдіктер және одан да бөлек тегін ұшу мүмкіндігі қарастырылмаған. Билет құны көбінесе 1 айлық әлеуметтік төлемнен асып та кетіп жатады. Қазіргі тарифтермен тіпті жұмыс істейтін сау адамдар да билеттерді ала алмаған кезде не айтуға болады", – деді депутат.

Ерлан Әбдиев халықаралық авиатасымалдау тәжірибесінде мүгедектігі бар жолаушыларға ел ішінде ұшуға жеңілдіктер берілетінін мысалға келтірді. Бұл жылына бір рет тегін рейс жеңілдіктері және сатып алудың басқа да ерекше шарттары. Депутаттың айтуынша, шетелдік компания Қазақстан нарығына осындай жеңілдіктер пакетімен кірген. Алайда, көп ұзамай басқа тасымалдаушыларға назар аудара отырып, саясатын өзгертіп жіберген.


Оқи отырыңыз: Мемлекет жетім және мүгедектігі бар студенттер үшін жатақхана ақысының жартысын өтейді


Ерлан Әбдиевтің айтуынша, Қазақстанда І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың саны шамамен 340 мың адамды құрайды. Сонымен қатар 80 мыңға жуық мүгедектігі бар балалар бар. Осыны ескере отырып, депутат ішкі рейстерге бірқатар жеңілдіктерді қарастыруды ұсынды. Атап айтқанда:

  • І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдіктер немесе арнайы тариф билет құнының 50 пайыз мөлшерінде бекіту;
  • осы санаттағы адамдарға жылына бір рет, бір бағытқа ұшып бару және ұшып қайтуды тегін әуе қатынасымен қамтамасыз ету;
  • мүгедектігі бар балаларды тегін рейспен қамтамасыз ету;
  • ұшу барысында сүйемелдеуді қажет еткен жағдайда, сүйемелдеуші адамдар үшін жеңілдетілген тариф бекіту.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".