Депутат: Қазақстандық жастардың 30 пайызы ЖОО-дан соң бірден жұмысқа тұрмайды

Ал жастардың 40 пайызы мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Қазақстандық ЖОО түлектерінің 30 пайызы бірден жұмыс таба алмайды. Ал жастардың 40 пайызы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты.

Оның айтуынша, аталған мәселемен күресудің орнына салалық министрлік бір реттік грант, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, жастар практикасы деген науқандық шаралармен ғана жүр.

"Қазір елімізде 6 миллионнан астам жас адам бар. NEET жастардың саны 422 мыңға жетті. Олармен де нақтылы жұмыс жасалып жатқан жоқ. 2022 жылы Ұлттық қордан "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін жас кәсіпкерлер мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға грант беруге 69,2 миллиард теңге бөлінген. Бірақ оның 6,9 миллиард теңгесі игерілмеген. Бұл да жұмысты жүйелеуде кеткен қателік", – деді депутат.

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".