Депутат шетелдік тіркеуі бар көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды ұсынды

Үкімет отырысында премьер–министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға осы мәселеге байланысты сауал жолдады.

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай шетелдік тіркеуі бар көліктердің заңдастыру уақытын бекіткенге дейін мерзімін ұзартуды ұсынды. Депутат Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға осы мәселеге байланысты сауал жолдады.

"Өздеріңіз білетіндей, біздің елде 30 жыл жүрген ескі көліктің бағалары шарықтап тұр. Мысалы, екі-үш жыл бұрын "Toyota Camry 20" автокөлігі 2 млн теңге тұрса, қазір 4 млн теңгеге жетті. Себебі6 сатып алған ескі көліктің бағасы жыл өткен сайын қымбаттауда. Ал өзімізден құрастырылып шыққан автокөліктер қарапайым азаматтарға қолжетімсіз, бағасы сапасына сай келмейді. Шетелден ресми түрде сатып алайын десе, утилизациялық алым мен бастапқы тіркеу алымы мөлшерлемесінің құны көлік бағасынан да асып жатыр" – деді депутат.


Оқи отырыңыз: Қазақстан қалаларында шетелдік көлік тізгіндеген жүргізушілер нарызылық білдірді


Осыған қатысты депутат тосқауыл қою үшін қандай шаралар қабылданды, шетелдік тіркеуі бар автокөліктердің қаншасы мемлекеттік тіркеуден өте алмағаны туралы бірнеше сауалға жауап беруін сұрады.

"Сондай-ақ, шетелдік тіркеуі бар көліктерді заңдастыру уақытын, шекарамыздан заңсыз кіретін көліктерді өткізбеудің амалдарын тауып, нақты шарттарын бекіткенге дейін ұзартуды ұсынамыз. Себебі, бұл көлік иелерінің арасында жалғызбасты аналар, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен 35-ке дейінгі жастар бар" – деді Наурыз Сайлаубай.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".