Депутаттардың ұсынысы бойынша астананың бұрынғы атауы қайтарылады

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Депутаттардың бұл бастамасы туралы президент хабардар, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

"Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді", – деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

"Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан иұңғыш президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Елордаға Астана атауын қайтару ұсынылды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".