Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертіне 68 елден жанкүйерлері келді

23 қыркүйекте Алматы қаласындағыОрталық стадионда Димаш Құдайбергеннің Stranger атты жеке концерті өтеді. 

Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы алғашқы жеке концертін тамашалауға әлемнің 68 елінен көрермен келді. Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам адам, 400 волонтер жұмылдырылған.

Концертте Димаш Құдайберген бэнд-тобымен бірге 31 композиция орындайды, жаңа әндерінің тұсауы кесіледі. Сонымен қатар әнші алғаш рет інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған әнді шырқайды. 

Концертке үлкен халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі қатысады.


Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегінде Қазақстан әнұранын орындайды


Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің испан тілінде жарияланған ән мәтінін жазуға Қазақстанның Мексикадағы елшілігі көмектесті. Ал биылғы күздің ең көп күткен премьерасы – әншінің "Бір аспанның хикаясы" атты авторлық шығармасы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".