Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайланды

Ол ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімі мен энергиясын шахматтың көркеюіне жұмсайтынын хабарлады.

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайланды. Бұл туралы ол Facebook желісінде хабарлады.

"Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Астана қалалық федерация президенті Абзал Сағымбаевтың ұсынысымен федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бірауыздан қолдады", – деп жазды Динара Сәдуақасова.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда IT мен шахмат мектеп-интернатын салу ұсынысын қолдады


Ол ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімі мен энергиясын шахматтың көркеюіне барынша жұмсайтынын хабарлады.

"Шахмат жұртшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, Абзал Екрамбекұлымен бірлесе жұмыс жасаса, Астана шахмат Федерациясы одан да белсенді әрі беделі биік болатынына сенемін. Алда өршіл мақсаттар тұр. Көп жұмыс, сәттілік тілеймін", – деп жазды Динара Сәдуақасова.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".