"Дипломмен – ауылға": Алатау қаласына енген ауылдарға жұмысқа барғандарға жәрдемақы төлеу тоқтатыла ма

Алатау қаласының құрамына Алматы облысының 12 ауылы енді.

2024 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы облысында жаңа Алатау қаласы құрылып, оған Қонаев қаласына, Талғар, Іле аудандарына қарасты 12 ауыл кірді. Соған байланысты, бұл елді мекендерге "Дипломмен – ауылға" бағдарламасымен жұмыс істеуге барған жастарға көтерме жәрдемақы төлеу мәселесі көтерілген болатын. 

Соған орай, Ұлттық экономика министрлігі бұл мәселеге қатысты өз шешімін жария етті. Оған сәйкес, көтерме жәрдемақы аталған елді мекендерге Алатау қаласы құрылғанға дейін (2024 жылғы 10 қаңтар) келген жастарға қала құрылған күннен бастап екі жыл мерзім ішінде төленеді. Яғни, 2026 жылғы 10 қаңтарға дейін. 

Сондай-ақ, жұмысшы жастар тұрғын үй алуға несиені де осы аталған мерзім ішінде алуы тиіс. 

"Бұл ретте әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ауылдық елді мекен санатының қалалық елді мекендер санатына өзгерген күнінен бастап есептеледі, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттің мөлшері ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандарға берілетін кредиттің мөлшеріне тең беріледі", – делінген Ұлттық экономика министрлігінің шешімінде. 


Оқи отырыңыз: Биыл құрылған Алатау қаласында қанша және қандай шағын аудандар болады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".