Досаев тұрғын үй сертификатын тағы 500 мың теңгеге арттыруды ұсынды

Қазір мұндай сертификаттың құны – 1 миллион теңге.

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматыда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй салынатынын мәлімдеді.

Осы орайда, әкім ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін берілетін тұрғын үй сертификатының құнын 1,5 миллион теңгеге арттыруды ұсынды. Қазір мұндай сертификаттың құны – 1 миллион теңге.


Оқи отырыңыз: Алматылық 1-4 сынып оқушылары 1 қыркүйектен бастап мектепте тегін тамақтанады


"Мұндай сертификат берілуі керек санатқа І, ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар кіреді. Осы орайда, тағы бір "Жас қанат" тұрғын үй кешенінің құрылысына 4,5 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Аталған көппәтерлі тұрғын үй 411 отбасына арналған", – деді Ерболат Досаев.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев алматылық 1-4 сынып оқушылары 1 қыркүйектен бастап мектепте тегін тамақтанатынын хабарлаған еді. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".