eGov.kz порталында жаңа сервис іске қосылды

Жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі тарихын осы арқылы білуге болады.

eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасында мекенжайдың өзгергені туралы ақпаратты көрсететін жаңа сервис іске қосылды, яғни жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі тарихын осы арқылы білуге болады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Мұндай мәселе жылжымайтын мүлікті сату немесе мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтынын айтқан министр сервистің көмегін түсіндірді.

"Бәлкім, біреулердің жылжымайтын мүлікті сату кезінде тұрғылықты мекенжайының өзгергенін анықтап, ал ол мәліметтерді растау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып уақытын жоғалтып, әуре-сарсаңға түскен кездері болған шығар. Осылайша, жаңа сервис нотариустар мен банктерге өз клиенттерін ХҚКО-ға жібермей, осы деректерді тікелей алуға мүмкіндік береді. Атап өтейін, егер азаматтардың құжаттарының цифрлық нұсқасы болса, олардан түрлі анықтамаларды талап ету заң жүзінде тыйым салынады. Осылайша, қызмет көрсету уақыты қысқарып, жұмыс процесі жеделдетіледі. Аталған жаңашылдық Мемлекет басшысының мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту саясатына негізделген", – деп тарқатты министр.

Министрдің жазуынша, мәліметтерді білу және растау үшін мекенжайдың тіркеу кодын білу жеткілікті. Қажетті ақпарат eGov.kz порталында "Сервистер" бөлімінде және eGov mobilе қосымшасында "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімінде орналасқан.

"Осылайша жылжымайтын мүліктің мекенжайының өзгеру тарихы көрсетіледі. Аталған сервис мемлекеттік қызметтер комитетінің, мемлекеттік несие бюросының ақпараттық жүйелерін және бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесін интеграциялау жолымен іске асырылды", – дейді Бағдат Мусин.


Оқи отырыңыз: Енді eGov mobile қосымшасында цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға болады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".