Еділбай, Қаракөл, Меринос. Астанада асыл тұқымды қошқарлар аукционы өтеді

12-14 қазанда Астанада өтетін KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмесі аясында алғаш рет асыл тұқымды қошқарлар мен ешкілердің ұрығына аукцион өтеді.

Аукцион тек көрменің бірінші күні, яғни 12 қазанда ұйымдастырылады. Оның ерекшелігі – жануарларды іріктеуде, соның арқасында ет, сүт және жүннің ең жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік бар. Шәуетті криоконсервациялау зертханада IMV технологиясы бойынша (Франция) жүргізіледі.

Көрменің кіреберіс аумағында асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлар көрсетіледі. Көрмеге қатысушылар Әулиекөл, Симментал, Герефорд, Ақбас және басқа да асыл тұқымды бұқалармен таныса алады. Сондай-ақ, Көрмеге "элита" класының асыл тұқымды аталықтары, Еділбай, Гэмпшир, Дорпер, Қаракөл, Меринос, Цвартблес тұқымдары, Заанен сүтті ешкілері қойылады.

Ескерту: аукционға тек мал ұрықтары шығарылады. Ал жануарлар сатылмайды. Көрме EXPO көрме орталығында өтеді.


Оқи отырыңыз: Камриден қымбат қошқар. Гиссар тұқымы Қазақстанның қой шаруашылығын дамыта ма?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".